20.12.2021, 16:30
Оқылды: 127

БҚАТУ студенттері орыс драма театрында болды

Желтоқсан айының 18-жұлдызында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері қаламыздағы А.Островский атындағы орыс драма театрының «Жәңгір хан» қойылымын тамашалады.

театр фото 2

Өз университетімізге есімі берілген тарихи тұлға туралы дүние бізге зор әсер қалдырды. Үлкен актерлық құраммен сахналанған қойылым жергілікті өлкетанушы, жазушы Жайсаң Ақбайдың шығармасы желісімен қойылған екен. Сахнадан біз билеуші-реформатор Жәңгірдің шынайы тарихи бейнесін және өз заманында жасаған қызметін көре алдық. Қойылымдағы барлық оқиға өзіміздің Жайық жерінде орын алған.

Бұл күн Жәңгір хан университетінің студенттері үшін рухани демалыс болды. Қойылымнан соң басты кейіпкер – Жәңгір Бөкейұлының рөлін сомдаған актер Руслан Джумахметовпен естелік суретке түстік.

 

Мекен Қарғабаев,

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың 1-курс студенті,

«Жас блогерлер» клубының мүшесі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале