1.07.2021, 14:29
Оқылды: 161

БҚАТУ түлектері кәсіби өмірге жолдама алды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін 2020-2021 оқу жылында бітіруші түлектерге диплом тапсыру рәсімдері басталды.

 у1

Бүгін «Политехникалық инстиутты» тәмамдаған 156 білім алушы қолдарына дипломдарын алып, өмірдің бір белесіне қадам басты.

Түлектерді қуанышты сәттерімен құттықтаған БҚАТУ басқарма төрағасы-ректордың орынбасары, тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов: «Сіздер үшін бүгін – өте маңызды күн. Сіздер ең қызықты студенттік жылдарды артқа тастап, кәсіби өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Осы күннен бастап сіздер – ата-аналарыңыз, ұстаздарыңыз, жалпы еліміз үлкен сенім артып отырған білімді де білікті мамансыздар. Болашақта қай аймақта, қай салада қызмет атқарсаңыздар да, сіздерді біріктіретін, қуаныш пен мақтаныш сезімін сыйлайтын – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ түлегі деген ортақ атау», - деді.

Түлектерді институт директоры Жанна Құбашева мен жоғары мектеп жетекшілері де құттықтап, ақ жол тіледі.

у2

Салтанатты кеш барысында жастар саясатын дамытуға өз үлестерін қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан түлектер БҚАТУ басқарма төрағасы-ректор А.Наметовтің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен бірге «Үздік диплом» иегерлерінің есімдері аталып өтті.

Политехникалық институтта «Аграрлық техника және технология», «Көлік техникасы және технологиялары», «Көлікті пайдалану», «Жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі», «Электр энергетикасы» мамандықтары бойынша білім алған түлектерге «Техника және технологиялар бакалаврі», «Ауыл шаруашылығы бакалаврі», «Қызмет көрсету саласындағы бакалавр» академиялық дәрежелері берілді. Институт түлектерінің қатарында Президенттік шәкіртақы иегерлері – Айнаш Олжабаева мен Алина Ильясова бар.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ – еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарының бірі. Биыл университетті «бакалавр» дәрежесі бойынша барлығы 905 студент бітірді.

 

БҚАТУ медиа-орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале