23.04.2021, 11:10
Оқылды: 520

БҚАТУ жастары қайырымдылық жасауда

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері қасиетті Рамазан айына орай қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруда.

182B3A9E-A1CC-44FD-A445-1A964EF8AC10

БҚАТУ жастары қасиетті айда жұмыла әрекет етіп, қайырымды істер марафонын жалғастыруда. Бұл айда университет білім алушылары қаладағы Тәжиден Батырұлы мешіті мен қалалық жастар ресурстық орталығының қолдауымен ораза ұстаған жандарға ауызашар дәмін таратты. «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтының белсенділері «Орал жастары», Мұхамед-Ғариф мешіті және оқу орнының өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесе Хан тоғайында табиғат аясында ауыз бекіткен студенттерге арнап ауызашар рәсімін ұйымдастырды.

Сонымен қатар өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері қаламыздағы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға мекенжайлық көмектер көрсетіп, көктемгі шаруаларына қолғабыс етуде.

CE552690-036A-4CD0-843C-E8E47C8EEBF2

– Рамазан – қасиетті ай, жасаған қайырымды ісіңнің сауабы да мол болмақ. Біз де өз тарапымыздан ауыз бекіткен жандарға қуаныш сыйлап, көмекке мұқтаж адамдарға қолұшын созудамыз. Жақсы істердің жаршысы болғысы келетін жастарды қатарымызға қосылуға шақырамыз, – дейді Жәңгір хан университетінің студенттік ректоры Бақытжан Әлжанов.

Университеттің медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале