30.11.2021, 9:40
Оқылды: 79

БҚИТУ жастары - жеңімпаз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және халықаралық студенттер күніне арналған жоғары оқу орындары студенттері мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенділері арасында «Достық кубогы» атты шағын футбол турнирі өтті.

9

Турнирді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, қалалық жастар ресурстық орталығы, дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Жарыс салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде өтті.

16 команда қатысқан турнир қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-техникалық университетінің жастары жеңімпаз атанса, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері екінші орынға ие болды. Республикалық жоғары техникалық колледжінің командасы үшінші орынға табан тіреді. Жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен марапатталды.

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале