9.04.2019, 18:23
Оқылды: 76

БҚО әкімі «Ақжайық» допты хоккей командасымен кездесті

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов «Ақжайық» допты хоккей командасымен кездесті.

IMG_2663

– Сіздерді жетістіктеріңізбен құттықтаймын. Елбасы тапсырмасына сай мемлекет тарапынан спортты дамытуға қамқорлық жасалуда. Тынымсыз тер төкен спортшы ғана жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Команданың дені – жас ойыншылар. Сондықтан Жастар жылында жеңіс тілеймін, – деді Алтай Сейдірұлы.

Команданың бас жаттықтырушысы Николай Шавалдин мен ҚР спорт шебері, жас хоккейші Болат Мұхит мемлекеттің қолдауына алғыс білдірді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Рахимованың айтуынша, облысымызда допты хоккеймен 227 жасөспірім шұғылданады. Биылғы оқу жылында осы спорт түрін дамыту мақсатында №5 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жанынан және Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Шыңғырлау аудандарында бөлімдер ашылған. Ал құрылу тарихы 1976 жылдан басталатын кәсіби команда «Ақжайық» атауын 2002 жылы иеленген. «Ақжайық» ойыншылары бүкілресейлік жоғары лига командалары арасында өнер көрсетуде. Былтыр 22-25 наурыз күндері Ресейдің Уляновск қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдені иеленді. Биыл еліміздегі қысқы Жастар ойынында жеңімпаз атанса, Швецияның Венерсборг қаласында болған ересектер арасындағы әлем чемпионатында 4-орынға табан тіреді. Команданың денін жергілікті ойыншылар құрайды. Атап өтерлігі, допты хоккейден ҚР құрама командасындағы 81 спортшының 50-і біздің облыстың түлектері екен.

Былтыр «Ақжайық» командасы ойнайтын «Жастар» стадионында жасанды мұз айдыны пайдалануға берілді.

Нұртай Текебаев,

сурет: Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

IMG_2745

IMG_2681

 

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале