«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» ҚР Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында 2020 жылы 15 ақпан сағат 10.00-де Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 19 мекен-жайында («Nur Otan» партиясы облыстық филиалы ғимараты) облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің халық алдындағы есептік кездесуі өтеді.
Есептік кездесуден кейін азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайды.
Сондай-ақ есептік кездесу «Aqjaiyq» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер