17.04.2020, 19:37
Оқылды: 306

БҚО әкімі Ғали Есқалиев ел Президентіне өңірдегі коронавирустың таралуына қарсы шараларды баяндады

tokaev

БҚО әкімі Ғали Есқалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа телефон арқылы коронавирустың таралуының алдын алу жұмыстарын, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен облыстағы карантиндік шараларды баяндады.

Әңгімелесу барысында облыс әкімі Президенттің азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысынан есеп берді. Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы мен көктемгі егістік жұмыстары да назардан тыс қалмады.

Өңірде ТЖ жағдайында халықты әлеуметтік қамту шаралары ойдағыдай жүзеге асуда. Рұқсат етілген шағын және орта бизнес қалыпты жұмыс жасауда. Көктемгі егіс науқанында да еш іркіліс жоқ. Еңбек биржасы арқылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы іске асуда.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев Мемлекет басшысына Ресеймен шекарадағы қазіргі жағдай жөнінде де есеп берді.
БҚО-дағы COVID-19 вирусын жұқтырғандардың басым бөлігі Ресеймен шекарада анықталғаны мәлім. Телефонмен әңгімелесу барысында Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі бірлесіп инфекцияның елдің сыртынан тасымалдануын азайту шараларын қолға алатыны белгілі болды.

Ел Президенті коронавирусқа қатысты жағдайды қатаң бақылауда ұстауды, әлеуметтік қамту жұмыстары мен кәсіпкерлікті қолдау шараларын қарқынды жүзеге асыруда тапсырды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале