9.05.2020, 10:25
Оқылды: 92

БҚО әкімі Ғали Есқалиев Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады

Құрметті батысқазақстандықтар!

D3B90A4F-98EC-448B-B044-989CC2123093

Сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

75 жыл ішінде Ұлы Жеңіс туралы талай естеліктер, кітаптар, мақалалар жазылды, көптеген деректі және бейнефильмдер түсірілді. Сұрапыл соғысты сомдаған адамдар мен қағаз бетіне түскен естеліктер сол нәубет жылдардың шынайы көрінісін жеткізе алмайтыны анық. Оны тек бастан кешкендер ғана түсіне алады. Ал біз үшін ол – үлкен сабақ, ең қымбат тәрбие құралы.

Осы күні бірі қан майданда ерлікпен қаза тапқан әкесін не атасын мақтанышпен еске алса, екіншісі із-түссіз жоғалған туысын көзіне жас алып еске алады.

Сол кезде біздің өңірімізде 395 000 жуық тұрғындар болса, 76 000 астам адам майданға аттанған болатын. Соның ішінде 36,5 мын жерлесіміз қан майданнан кайтпай қалды. Ал қалған жауынгерлер түрлі ауыр жарақат алып, еліне кайтып, соғыс салдарын жоюға белсенді кірісті.

Жыл өткен сайын ардагерлеріміздің катары азайып бара жатыр. Сондықтан оларға деген құрметті тірі кезінде көрсетуіміз қажет.

Құрметті ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

Сіздер аңыз адамсыздар. Сіздердің есімдеріңіз ешқашан өшпейді, ұмытылмайды. Біз бұл сұм соғыста Жеңістің қандай қиындықпен келгенін білеміз. Ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз біз үшін өте қымбат. Оны көзіміздің қарашығындай сақтау - біздің ұрпақтық парызымыз!

Дендеріңізге саулық, немере-шөберелеріңізге жарқын болашақ тілеймін!

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлы Жеңістің мерейтойымен тағы да құттықтаймын! Әрбір жанұяға береке-бірлік, амандық тілеймін! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!

Құрметпен, БҚО әкімі Ғали Есқалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале