28.06.2022, 13:55
Оқылды: 15

БҚО әкімі Ғали Есқалиев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары  қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күнді жас та, жасамыс та асыға күтеді. Жылына бір келетін мерекеге орай аймақ басшысы күндіз-түні халықты ақпаратпен қамтамасыз етіп жүрген төртінші билік өкілдерін құттықтап, алғысхаттар мен сыйлықтар табыс етті.

333

«Осында отырған тілшілер, экран артында көрінбейтін режиссерлер, видеоинженерлер, фотосуретшілер барлығы  -  отандық БАҚ-тың дамуына өз үлестерін қосып келе жатыр. Сіздер дайындаған сюжеттер мен жазған мақалаларыңызда елдің мұң-мұқтажы, талабы, тілегі айқын көрініс тауып келеді. Сіздер билік пен халық арасындағы алтын көпірсіздер. Мен сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, тілеймін»,- деді аймақ басшысы өңір журналистикасының қалыптасу, даму кезеңі туралы айта келіп.

Сахынаға шыққан аймақ басшысы журналистика саласында еңбегі сіңген ардагер журналистер мен аға буын тілшілерді, оператор, режиссерлерді  БҚО әкімдігінің «Үздік ақпарат қызметкері» төсбелгісімен марапаттады.  Олардың қатарында Тихон Әліпқали, Дариға Мұштанова, Людмила Корина сынды сала ардагерлері бар.

құрдас

Журналистер күні қарсаңында «Баспа және телевизиялық арнайы репортаж» байқауы ұйымдастырылған болатын. Байқауға 46 адам қатысты. Осы байқауда үздік деп танылғандар "Үздік журналист", "Үздік оператор", " Үздік тілші" аталымдары бойынша облыс әкімінің қолынан марапат алды. Атап өтсек, "Орал өңірі" газетінің тілшісі Гүлбаршын Әжігереева  "Үздік журналист" аталымын иеленді. "Баспа басылымдағы үздік журнал" аталымы  "Орал өңірі" газетінің жауапты хатшысы Жаннат Есполаеваға бұйырса, "Орал өңірі" газеті бас редакторының орынбасары Сырымбек Тұяқов "БҚО Үздік ақпарат қызметкері" төсбелгісімен марапатталды.

Биылғы Балалар жылының құрметіне жас тілшілер де назардан қалмады. Соғыс ардагері, белгілі журналист Бисен Жұмағалиевтың 100 жылдығына орай өткен эссе байқауының жеңімпаздары да сахына төрінен табылды.

000

Салтанатты кеш соңы концерттік шараға ұласты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале