28.08.2019, 11:18
Оқылды: 374

БҚО әкімі медицина қайраткерін мерейтойымен құттықтады

Облыс әкімі Ғали Есқалиев ҚР-ның еңбек сіңірген дәрігері Бақтығали Ахметовты мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды БҚО әкімінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі.

медицина

 Айта кетейік, белгілі медицина қайраткері Бақтығали Ахметов 80 жасқа толды.

 – Сіз өз кәсібіңізде адамдарға көмек көрсетудің үздік үлгісін көрсеттіңіз. Көптеген жыл бойы облыстың денсаулық сақтау саласына елеулі үлес қосып келесіз, - деген Ғали Есқалиев
медицина қайраткеріне денсаулық пен амандық тіледі.

Бақтығали Ахметов облыс әкіміне ризашылығын білдірді. Кездесу барысында облыстың денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері талқыланып, өңірдің медициналық мекемелерін білікті кадрлармен қосымша қамтамасыз ету мәселесі айтылды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале