10.01.2024, 17:15
Оқылды: 67

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі әлеуметтік нысандардың құрылысын жеделдетуді тапсырды

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев облыс орталығындағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты.

WhatsApp Image 2024-01-10 at 16.59.14

Ең алдымен, құрылысы бірнеше жылға созылған №31 мектеп құрылысын қарады. Бұған дейінгі апаттық мектеп 2020 жылы бұзылған. Алайда құжат жүзінде құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталуы тиіс жаңа мектептің құрылысы бүгінде тоқтап тұр.

Нариман Төреғалиев құрылыс басқармасы мамандары мен мердігер компания өкілдеріне ескертулер жасап, жұмысты жандандыруды қатаң түрде тапсырды.

WhatsApp Image 2024-01-10 at 16.59.14 (2)

«Өңірдегі әр нысан Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Басталған іс уақытылы бітуі тиіс! Әлеуметтік нысандар тез арада халық игіліне берілуі қажет. Сапасына да баса мән беріңіздер» - деді облыс әкімі.

WhatsApp Image 2024-01-10 at 16.59.16

Бұдан кейін, өңір басшысы «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

WhatsApp Image 2024-01-10 at 16.59.15

Соңғы 10 жыл бойы өңір тұрғындары түрлі жиындарда ғимаратты жөндеу мәселесін жиі көтеріп келді. 1958 жылы салынған нысанның әбден тозығы жеткендігін өткен жылғы кездесулерде де облыс әкіміне бірнеше өтініштер түскен болатын. Аймақ басшысы ғимарат заман талабына сай жөнделетінін айтқан еді. Енді ғимарат қазіргі уақытта күрделі жөнделуден өтуде. Жоспарға сай 106 орындық, 74 тұрғын бөлмелі «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің  ғимараты осы жылғы көктем мезілігінде қолданысқа берілмек.

WhatsApp Image 2024-01-10 at 16.59.17 (1)

Облыс әкімі тиісті сала басшыларына барлық құрылыс нысандарының сапалы болуын және  мерзімінде тапсырылуын қатаң қадағалауды тапсырды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале