22.02.2021, 12:50
Оқылды: 29

БҚО әкімінің халыққа есеп беру кездесуінде барлығы 237 сұрақ пен ұсыныс түскен

Қазақстан Республикасы Президентінің 5.02.2016 жылғы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында 2021 жылғы 20 ақпанда облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және өңір тұрғындарына болашақ жоспарлары туралы БҚО әкімі Ғали Есқалиев айтып берді.

IMG-20210220-WA0029

Пандемияға байланысты облыс әкімінің халық алдындағы жыл сайынғы есебі онлайн форматта өтті.

Есеп беру кездесуінің тікелей көрсетілімі «Aqjaıyq» телеарнасында және БҚО әкімдігінің ресми парақшасында YouTube видеохостингінде өтті.

Есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша барлығы 237 сұрақ пен ұсыныс түсті.

Халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинауға арналған жәшіктер арқылы 8 өтініш, электрондық пошта арқылы 39, WhatsApp нөмірі арқылы 138, Call-орталық арқылы 52 сұрақ келіп түсті. Сондай-ақ, тікелей эфирді трансляциялау есебі кезінде БҚО әкімдігінің ресми парақшасындағы YouTubе видеохостингінде 616 пікір қалдырылды.

Облыс әкіміне жолданған өтініштер негізінен мобильді байланыс пен мобильді интернеттің әлсіздігі, жол инфрақұрылымы, электр желілерінің тозуы, экология және ТҚҚ, облыстың оңтүстік аудандарын сумен қамтамасыз ету, киіктердің саны, факторлық-балдық шәкілді (БШФ) енгізу және мемлекеттік қызметшілердің жалақысын одан әрі арттыру мәселелеріне қатысты болды.

Есеп беру кездесуі барысында облыс әкімі өңірдің ең өзекті деген 39 сұраққа жауап берді. Белгіленген уақыт шеңбері азаматтардың барлық өтініштеріне тікелей эфирде жауап беруге мүмкіндік бермеді. Барлық қойылған сұрақтар мен оларға берілген жауаптар БҚО әкімдігінің ресми сайтында белгіленген мерзімде қолжетімді болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале