20.02.2023, 11:00
Оқылды: 65

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының брифингі өтеді

Бүгін сағат 15:00-де БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовмен брифингі өтеді. Бұл туралы БҚО аумақтық сайлау комиссиясы хабарлады.
ОСК
Брифингте 2023 жылғы 19 наурызда өтетін кезектен тыс сайлауда бірмандаттық аумақтық сайлау округтеріне сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары айтылады.
Брифинг Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі 45, 1-ші қабат, 113 кабинетте өтеді.
БАҚ өкілдері 20 ақпан сағат 12:00-ге дейін аккредитациядан өтуі тиіс.
Ол үшін 8 7112 24-16-67, +7 702 795 11 11 нөмірлеріне хабарласуға болады.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале