22.01.2021, 19:30
Оқылды: 184

БҚО ауылшаруашылық қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы өңірдегі ауылшаруашылық саласы өкілдерінің басын қосты

Халық шаруашылығының ең негізгі және ең маңызды саласы – ауыл шаруашылығы.

BA6E66D4-4495-42E6-94BC-427643DBB34F

Бүгін «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Медет» жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» қоғамдық қорының басшысы Амангелді Дәулетжановтың ұйымдастыруымен өңірдегі ауылшаруашылық саласы өкілдері бас қосты. Аталмыш жиынның басты мақсаты – нақты мәселелерді ортаға салып, бірлескен іс-қимылдар жүргізу жоспарларын бекіту. Басқосуға «Медет» қоғамдық қоры бірлестігінің мамандары, «Расул», «Золотой улей» секілді шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты. Салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы – А.Дәулетжанов өз сөзінде: - Елімізде агроөнеркәсіп кешенін әртараптандыру, бәсекеге қабілетті өнім өндіру бойынша нақты қолдау шаралары бар. Дейтұрғанмен, бұл салада қордаланған мәселе әлі де көп. Шаруашылық қызметкерлерінің құқықтары үшін де бірлесіп күресу керекпіз. Облыстық АӨК және ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы өзекті мәселелерді айқындау және оларды шешу бойынша нақты ұсыныстар дайындауда, - деді.

Сонымен қатар кәсіподақ белсендісі өз сөзінде алдағы уақытта өңірдегі су мәселесінің шешімі жолында да бірлескен іс-шаралар жасауға атсалысатындығын айтып өтті.

"БҚО Кәсіподақтар орталығы" АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале