30.03.2021, 11:03
Оқылды: 898

БҚО бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасын, 2-тармағы 3)-тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі №ҚР ДСМ-78/2020 «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 2-тарауы 3, 4-тармақтарын, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтау және Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі - КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

F915D001-927D-440D-BF53-86E4C0B76E62

1.Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 наурыздағы №8 «Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту туралы» қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 6-тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:

«6) 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында:

Орал қаласы, Бөрлі, Бәйтерек аудандарында контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептердегі сыныптарда балалар санын 15 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуды қоспағанда, контингенті 300 оқушыға дейін ауылдық мектептердегі сыныптарда балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;

Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;

Орал қаласы, Бөрлі, Бәйтерек аудандарында жалпы білім беретін мектептерде аралас форматта мектепалды сыныптардың оқушылары үшін, 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын аралас форматта оқытуды қоспағанда, жалпы білім беретін мектептерде аралас форматта мектепалды сыныптардың оқушылары үшін, 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын аралас форматта оқытуға;

Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етуді (сыныпта 15 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау);

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 1 курс студенттері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас форматта оқытуға көшірілсін.».

1-тармақтың 8-тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:

«8) діни нысандарға (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) бір келушіге кемінде 5 ш.м. есебінде және нысанның толтырылуын 30%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Бұқаралық ұжымдық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге тыйым салу.

Қасиетті Рамазан айы кезінде бірге тұратын бip отбасы мүшелерінің арасында ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салу;».

1-тармақтың 13-тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:

«13) қоғамдық тамақтану объектілеріне - ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22.00-ге дейін (толтырылуы 50%-дан асырмай, 30 орыннан артық емес, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз ету, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді), жеткізу және шығару жолымен қызметті жүзеге асыруды қоспағанда сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтату;

- фудкорт қызметіне ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, тек жеткізуге және шығаруға рұқсат беру;».

2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы қаулы ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале