21.04.2021, 17:15
Оқылды: 158

БҚО бойынша ТМРКД басшысы жылыту төлемін қалай есептеу керектігін айтты

         «Есептеу құралын орнатубұл ең алдымен энергияны үнемдеуге ынталандырады. Есептеу құралдарын орнату кезінде жылу энергиясын тұтынушылар ресурстың тұтынылуын үнемі бақылай алады, осылайша аз төлеу үшін олар қанша тұтынғанын және жылу энергиясын тұтынуды қанша қысқартуға болатынын біле алады», - деп түсіндірді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Алмас Отаров.

 ааа

Қазіргі уақытта жылу энергиясын есептеу құралдары үлкен маңызға ие болды, өйткені жылу энергиясы коммуналдық шығындар арасында ең маңызды болып табылады және тұрғындардың коммуналдық төлемдер сомасының жетпіс пайызын құрайды.

Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабымен жабдықталған және барлық тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайлар жылу энергиясын есепке алудың  жеке және (немесе) жалпы аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі үйде тұрғын үй-жайды жылыту жөніндегі коммуналдық қызмет үшін төлемақы мөлшері үй пәтерлерінің алаңының 1 шаршы метріне үйге ортақ аспап бойынша орташа көрсеткішті негізге ала отырып, оның алаңы бойынша айқындалады.

Бүгінгі күні тұтынушылар өздерінің тұрғын алаңының квадратурасы бойынша салыстыру үшін жылыту кезеңі үшін есептеу сомасын есептеуге мүмкіндігі бар.

«Ол үшін тек сілтеме бойынша өту керек: «Жайықжылуқуат» АҚ-ның  http://jte.kz/dlja-fizicheskikh-lic/nachislenija-po-domam-za-period.html және есептеумен келіспеген жағдайда, сіз субъектінің әрекетін заңдылыққа тексеру үшін БҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментіне хабарласа аласыз», - деп атап өтті Алмас Отаров.

Сурет Zanmedia.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале