6.11.2019, 18:27
Оқылды: 34

БҚО-да 13 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Тексеру барысында террористік тұрғыда осал деп танылған 30 объектіде заң бұзушылық анықталып, оларды жою туралы 30 жазбаша өкім шығарылған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149-бабының 1-бөліміне сәйкес (террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау) 13 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған. БҚО полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Хасанғалиевтің айтуынша, 5 миллионнан астам теңгеге айыппұл салынған.

sot

БҚО полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы террористік тұрғыда осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және олардың басшылары мен иелеріне тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Аталған бағытта түсіндіру жұмыстары Орал қаласындағы кешкі мектепте жалғасты. Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Артем Гусев мектеп мұғалімдері мен қызметкерлеріне террористік қауіп төнген жағдайда қолданылатын іс-қимыл алгоритмдері туралы түсіндірді.

«Терроризмге ұшыраған объектінің әр қызметкері террористік қауіп төнген жағдайда іс-қимыл алгоритмін білуі керек. Мысалы, күдікті зат табылған кезде оған қол тигізуге, оны жылжытуға, кез келген нәрсемен жабуға, жақын жерде ұялы телефонды қолдануға және басқа әрекеттерге қатаң тыйым салынады. Ол үшін тиісті қызметке хабарлаңыз»,- деп атап өтті полиция майоры А.Гусев.

«Кешкі орта мектеп» МКҚК директоры Рафаиль Насыров: «Мектепте 200-ге жуық ата-анасыз қалған жетім мен тұрмысы төмен отбасының балалары оқиды. Бізге түрлі бағытта мамандар келіп оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп отырады. Оның ішінде дін басқармасының қызметкерлері, полиция департаменті, неврологтар, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі бар. Мұндай тақырыптардың үнемі талқыланып отырғаны өте орынды», - деді мектеп басшысы.

БҚО полиция департаментінің

 баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале