25.10.2017, 12:12
Оқылды: 32

БҚО-да 1700 пәтер тапсырылмақ

7d96d620-d520-480a-844d-1ed03cd921cfБұл туралы БҚО әкімі Алтай Көлгінов Астанада өткен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.


Оның айтуынша, «Нұрлы жол»,  «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары өңір экономикасына оң әсерін тигізуде. Бағдарламаны іске асыру мақсатында 30 млрд. теңге бөлініп, 1700-ден аса жұмыс орны құрылған.

Сондай ақ Орал-Озинки (РФ шекарасы) республикалық тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары «Нұрлы жол» аясында қаржыландырылуда. Айта кетейін, жалпы ұзындығы 104 шақырым құрайтын тас жолдың көп бөлігі биыл жөнделіп бітеді. Аталған жұмыстар инвестиция және даму министрлігімен бірлесіп атқарылуда. Жалпы облыс бойынша 500 шақырым автомобиль жолы салынуда.

Оралда үш ауысымдық оқытуды және апатты мектептерді жою мақсатында 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жалпы өңірде 24 білім беру нысаны, сонымен қатар 10 балабақша салынуда.

Коммуналдық инфраструктураны жақсарту мақсатында 215 шақырым электр-жылу желілері жүргізілуде.

Орал және облыс аудандарында 1700 пәтер (10 көп қабатты және 183 бір қабатты үй) пайдалануға берілмек. Сонымен қатар құрылыс салу мақсатында 123 шақырым инженерлік желілер тартылуда.

Бұл құрылыс жұмыстарының барлығы газдандыру және сумен қамту жұмыстарымен қатар жүруде. Облыс бойынша 5 аудандағы 35 ауылға көгілдер отын жеткіземіз.

65 мың тұрғыны бар 55 елді мекенде орталықтындарыған су жүйесін тарту жұмыстар жүргізілуде. Яғни, 186 ауыл таза ауыз суға қол жеткізеді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале