8.12.2023, 13:00
Оқылды: 46

БҚО-да 23 жастағы жүргізуші жол жиегінде тұрған екі адамды қағып өлтірді

Бүгін таңертеңгі сағат шамамен 08:42-де Орал-Атырау тасжолында тағы да жол апаты болды. Атырау қаласынан келе жатқан «Toyota Ipsum» маркалы автокөлігінің 2000 жылы туған жүргізушісі жолдың жиегінде дөңгелегі жарылып, оны ауыстыруға тоқтаған «Opel» маркалы автокөлігіне соқтысқан. Бұл туралы БҚО ПД-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

ЖП Полиция (2)

Апат салдарынан «Opel» маркалы автокөлігінің жанында жүрген жүргізуші мен жолаушысы оқиға орнында қаза болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу басталды.

БҚО Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қауіпсіздігін қатаң сақтап, мұқият болуды ескертеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале