25.05.2021, 15:41
Оқылды: 105

БҚО-да 242 ауыл шаруашылығы кооперативі бар

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев айтты.

 3541C2F1-5C39-4F32-835C-EA8EF35BF1C2

Биыл 4 ай қорытындысы бойынша мал шаруашылығы саласында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басы 9,3%, жылқы – 14,8%, қой мен ешкі – 2,8% өсті.

Өңіріміз етті бағыттағы ірі қара мал басынан республикада II орын алады. Жыл басынан бері 470 тоннаға жуық ірі қара, қой еті мен ет өнімдері Ресей, Иран, Әзірбайжан т.б. елдерге экспортталды.

- Өткен жылы Орал қаласында «Орал құс фабрикасы» ЖШС жылына 18 млн. дана жұмыртқа өндіретін жаңа цех ашса, «Кублей» ЖШС ауысымына 600 дана мал терісін өңдейтін цехты іске қосқаны белгілі. Ал Бөрлі ауданында «Аманат» шаруа қожалығы жылына 7,7 мың тонна сүт өндіретін 600 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын пайдалануға берді.

Егіс 4

Бәйтерек ауданында ұзақ уақыт тоқтап тұрған 8640 басқа арналған бордақылау Кроун Батыс кешенін қайта іске қосылды.

Биыл қуаттылығы 54 мың тонна сүт және сүт өнімдерін өндіретін 2 сүт зауыты пайдалануға беріледі. Олар – «Uralsk Trade Company» ЖШС  «Ringo-Milk» ЖШС.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында облыста ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмыстары қарқынды жүруде.

Атап айтар болсақ, облыста 242 ауыл шаруашылығы кооперативінде 4 мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылық бірікті. Өткен жылы ауыл шаруашылығы кооперативтерімен 843,6 тонна ет, 6302 тонна сүт және 21 тонна жүн өндірілді, - дейді облыс басшысы Ғали Нәжімединұлы.

Егіс 12

Мал басының басым бөлігі оңтүстік аудандарға тиесілі. Биыл осы аудандарды сумен қамту мақсатында Сарыөзен мен Қараөзен үшін сатып алынатын Еділ суының көлемін қосымша 47 млн. текше метрге көбейттік (102-ден 149 млн. текше метрге дейін).

Бұдан бөлек, биыл Жайық өзені суын қуаңшылық кезінде пайдалану үшін қуаты тәулігіне 1,2 млн. текше метрді құрайтын су сорғы станциясының құрылысы бастауды жоспарлап отырмыз.

Көкөніс 3

Сондай-ақ, Жайық өзенінің сол жағалауындағы аудандардың 350 мың га дейін жайылым жерлерін суландыруға және Шалқар көлін қосымша сумен толтыруға мүмкіндік беретін үш су каналын реконструкциялау жұмыстары басталады (4,2 млрд. теңге) деп күтілуде.

 

zhaikpress

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале