14.11.2023, 13:00
Оқылды: 52

БҚО-да 25 мың адам жұмыспен қамту шараларына тартылған

Бұл туралы БҚО әкімі Нариман Төреғалиев айтты.

2ed806ad-af85-4840-bd35-2561d1dc999c
- 2023 жылдың II тоқсаны бойынша өңірдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі - 4,9%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі - 3,8%-ды құрап отыр.
Биыл «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі Ұлттық жоба аясында 25 мың адам әртүрлі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолданды.
Одан бөлек 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Соның ішінде 8 124 тұрақты, уақытша және маусымдық 6 801 жұмыс орны, - деді орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте аймақ басшысы Нариман Төреғалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале