Батыс Қазақстан облысының аумағында 1 халықаралық және республикалық маңызы бар су айдыны Жайық өзені ағып өтеді және ол резервтік болып табылады.

Сурет: Сайт архивінен
Жергілікті маңызы бар 176 су айдынының 63 балық шаруашылығы су айдыны немесе учаскелері 47 жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіліп берілді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тауарлық балық өсірумен 39 балық өсіруші шаруашылық айналысады: оның ішінде 38 шаруашылық көл – тауарлық шаруашылығымен және 1 тор қоршама шаруашылық қызметімен айналысады.
Сондай – ақ, Батыс Қазақстан облысында сумен қамтамасыз етудің тұйық циклы бар 1 балық шаруашылығымен "Аквамәдениеттің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісінің оқу-ғылыми кешені" ЖШС айналысады және 2 тоған шаруашылық қызметі бар.
2025 жылы 636 тонна тауарлық балық өсірілді, оның ішінде тұқы – 631 тонна, бекіре – 5 тонна.
Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы шеңберінде Батыс Қазақстан облысы бойынша өсірілетін тауарлық балық көлемін 2030 жылға қарай балық өсіру үшін әлеуетті жарамды су айдындарын пайдалану, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және қолданыстағы балық өсіру шаруашылықтарын кеңейту жолымен 10 000 тоннаға дейін жеткізу көзделген.
2026 жылы тауарлық балық өсірудің күтілетін көлемі-1767 тонна.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы аквашаруашылық субъектілеріне (көрсетілетін қызметті алушыларға) берілетін субсидиялар туралы мәлімдейді:
Г.Б.Ермуханова,
БҚО бойынша балық инспекциясы
басқармасының бас маманы