Polisia.kz порталының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының полицейлері 9 бірдей мал ұрлығына қатысы бар қылмыстық топты қолға түсірді.

Фото: polisia.kz
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі күдікті ұсталды. Алдын ала тергеу мәліметтеріне сүйенсек, олар бірнеше ай көлемінде көбіне еркін жайылымда жүрген малды нысанаға алып, бес бас ірі қара мен алты жылқыны қолды қылған. Тұрғындарға келтірілген жалпы шығын көлемі 5,5 миллион теңгеге жуықтайды.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.