4.04.2024, 11:30
Оқылды: 104

БҚО-да 6 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Өңірдегі су тасқынының салдарын жою және авариялық-құтқару жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

су коржын 2024

Қазіргі таңда 6 мыңнан астам адам эвакуацияланды, олардың 3 мыңы кәмілет жасына жетпеген бала. Облыс орталығы мен өңірдің су басқан аудандарындағы эвакуациялық пункттерге 1 мыңнан астам адам орналастырылды. 3 853 адам туыстарын паналауда.

Қазіргі таңда су басқан 23 және су шайып кеткен 48 жол учаскесі бақылауға алынды.

Қарғын су кесірінен көлік қатынасынсыз қалған 10 елді мекен бар. Байланыссыз қалған ауылдарда азық-түлік қоры жеткілікті.

Адамнан бөлек мал да құтқарылып жатыр. Төтеншеліктердің мәліметінсе сенсек, 3 мыңнан астам үй жануары қауіпсіз жерге айдалған.

су бурлин 2024

Сумен алысқан құтқарушылар 804 773 м3 еріген қар суы сорған, қауіпті аймақтарға 170 749 дана қапшық төселді. Құтқару жұмысына 1979 адам, 365 техника, 76 мотопомпа жұмылдырылған.

Кеше түнде Оралда еріген қар суын сору және қап салу жұмысы жүргізілді.

Өткен тәулікте 1500 ден адам эвакуацияланды. Оның 700-ден астамы бала. Сондай-ақ су басу қаупі бар Ұзынкөл, Барбастау, Шаған, Кемер және Юбилейное ауылдарының тұрғындарына қауіп ьар екені ескертілуде. Аса қауіпті аймақта қалған тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазіргі уақытта жағдай күрделі және бақылауда тұр.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале