20.06.2022, 11:13
Оқылды: 92

БҚО-да 600 шақырым жол жөнделеді

-Президент тапсырмасына сәйкес облыс жолдарын жөндеу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. 2022 жылы автокөлік жолдарын жөндеу үшін 51,2 млрд қаржы бөлінді. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 600 шақырым жол жөнделетін болады,- деді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.

WhatsApp Image 2022-06-20 at 10.31.11

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан брифинг барысында облыс әкімі Президент тапсырмасына сәйкес жүріп жатқан өңірдегі жол құрылысы туралы толығырақ баяндады.

-Биыл бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда жол құрылысына бөлінген қаржы екі есеге өсті. Қазіргі уақытта Казталов - Жәнібек, Өнеге - Бисен - Сайхын бағытындағы автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл осы бағыттағы жолдардың 174 шақырымы пайдалануға беріледі. Ал, жалпы жұмыстар 2023 жылы толық аяқталады, - деп мәлімдеді аймақ басшысы Ғали Есқалиев.

жол

Бұдан бөлек биыл Орал – Орынбор бағытындағы жолды жөндеу жұмыстары басталады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале