22.02.2018, 15:15
Оқылды: 30

БҚО-да 72 мекемеде мемлекеттік рәміздердің талапқа сәйкес келмейтіні анықталды

 

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке «ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң БҚО бойынша департаменті» РММ басшысының м.а. С.Уахитов және аталмыш департаменттің бас маманы-мемлекеттік инспектор Е.Шарабасов қатысты. Спикерлер өз баяндамаларында департаменттің 2017 жылғы жұмыс қорытындыларына тоқталды.

Департамент қызметкерлері 2017 жылы  барлығы 58 тексеріс тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында  21 кәсіпорында заң талаптарын бұзушылықтар анықталды. Мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салу туралы 21 қаулы шығарылды.

2017 жылы бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатушыларға қатысты 14 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Оның ішінде 4 жағдайда ҚР «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Заңы талаптарының бұзылғандағы анықталды. Мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 726 080 теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салу туралы 4 қаулы шығарылды.            Есептік кезеңде департамент 104 мемлекеттік мекемеде ҚР СТ 988-2007, ҚР СТ 989-2008, ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандарттарының талаптарының сақталуы бойынша ҚР мемлекеттік рәміздеріне мониторинг жүргізді, оның ішінде 61-і БҚО Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, 43-і мемлекеттік органдардың бастамасымен жүргізілді. Оның ішінде 72 мекемеде ҚР мемлекеттік рәміздерінің ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмеушіліктер анықталды. Мониторинг барысында анықталған стандарт талаптарына сәйкес келмеушіліктер БҚО әкімінің жанындағы Мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссия отырысында қарастырылды. Анықталған бұзушылықтар жойылды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале