16.01.2024, 10:00
Оқылды: 92

БҚО-да алаяқтық бойынша іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің БҚО-дағы департаментімен бірлесе Түркістан облысы аумағында алаяқтықпен айналысқаны үшін іздеуде жүрген ер адамды анықтап, қолға түсірді.

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

whatsapp-image-2024-01-15-at-190112.jpeg

Оның Түркістан облысының тумасы екені анықталды. Түркістан облысының полиция департаменті ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес (алаяқтық) іздеу жариялаған.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат Приурал полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Айта кетейік, БҚО полиция қызметкерлері жыл басынан іздеуде жүрген төрт қылмыскерді анықтаған.
Өткен жылы полиция қызметкерлері 89 қылмыскерді іздеп тапса, соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 34 қылмыскер, онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін 55 қылмыскер табылған.
16 қылмыскер өткен жылдардағы әр түрлі қылмысты жасағаны белгілі болған. Оның ішінде екі қылмыскер кісі өлтіргені үшін тұтқындалған.

Сондай-ақ 9 қылмыскер шетел асып кеткен. Оның ішінде Ресей Федерациясы аумағында 6, Франция, Польша және Әзербайжан елінде бір қылмыскердің екені анықталып, ұсталды.
Қазіргі уақытта оларды Қазақстан Республикасына қайтару мәселесі қарастырылып жатыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале