30.05.2022, 11:00
Оқылды: 102

БҚО-да "Әскери керней" байқауы өтті

Оралда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының жүлдесіне Батыс өңіріндегі әскери оркестрлер арасында дәстүрге айналған "Әскери керней" іріктеу байқауы өтті.

DSC_8455 1

Айтулы шараға бірнеше күн бойы 5546 (Атырау қ.), 6656 (Ақтау қ.), 6655 (Ақтөбе қ.) және 5517(Орал қ.) әскери бөлімдерінен ат басын терлетіп келген әскери өнерпаздар жергілікті тұрғындарды таң қалдырып, саптық тәсілдерді көрсету мен музыкалық шығармаларды орындаудың асқан шеберліктерін көрсетті.

IMG-20220530-WA0010

Жалпы "Әскери керней"  музыкалық фестивалі - бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында жыл сайын өткізілетін айтулы мәдени оқиға. Байқау бағдарламасында әскери, классикалық, халықтық және эстрадалық музыка, парад-дефиле, плац-концерт және әскери қызметшілердің көрсетілімдерін тамаша үйлестіреді.

Музыканттар әскери оркестрлердің салтанатты формаларында әскери, классикалық және халық композицияларын орындай отырып, Орал қаласының орталық көшесінің Арбат бойымен маршпен өтті.Бір сөзбен айтқанда ұландық музыканттарының салтанатты шеруі әсерлі қойылымға айналды.

Әсіресе, өте әсерлі де  қызықты болған бағдарлама А.Островский драма театрының алдындағы Арбатта өткізілген шоу-плац-концерт болды, әскери оркестрлердің шығармашылық ұжымдары әскери-үрмелі, сондай-ақ ұлттық және классикалық шығармаларды орындады, бұл қала тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз  күтпеген тосын сый болды.

Барлығы үрмелі оркестрлердің тек әскери шерулер мен вальстарды ойнауына дағдыланған. Алайда, бұл тек бір бөлігі репертуар. Олар сонымен қатар джаз, классика, халықтық, эстрадалық және тіпті рок музыкасын шебер орындады.

IMG-20220530-WA0009

- Әскери музыка барлық уақытта адамдарды батырлық әрекеттерге баруға және жауынгерлердің жауынгерлік рухын сақтауға шабыттандырды. Осыған байланысты әскери оркестрлер тек әскери рәсімдерді ғана емес, сонымен бірге жалпы әскери ортадағы мәдениетке де әсер етеді. Қазіргі уақытта әскери оркестрлердің репертуары өте кең. Музыканттарға погондарда классика мен фольклордан бастап эстрада мен джазға дейінгі кез келген жанр бағынады. Концерттер, әндер, - бұл жақсы. Бірақ фестивальдің басты мақсаты мазмұнды, тәрбиелік сипатта болуы керек деп есептейміз. Оның үстіне олар ашық алаңдарда өтеді. Оларды жас буын өкілдері де тыңдайды. "Олар патриоттық музыкада өсуі керек", —деді Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы әскери-оркестрлік орталығының бастығы полковник Асхат Мұхамедияров.

Диана Маратова, Орал қаласының тұрғыны: -Плац-концерт керемет әсер! Орын маңызды! Және акустика және орындау! Қуаныш, эмоциялар толып жатыр!». Әсіресе, халық әндерін, күйлерін оркестрге арнап өңдеу өте қызықты. Бұл таңқаларлық болды.

Іріктеу байқауының қорытындысы бойынша 5517 әскери бөлімінің оркестр ұжымы (Орал қ.), жеңімпаз атанды,екінші орынды 6656 әскери бөлімінің оркестрі (Ақтау қ.) иеленсе, ал жүлделі үшінші орынды 5546 әскери бөлімінің оркестрі (Атырау қ.) місе тұтты.

Жеңімпаздар Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының атынан дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале