7.09.2018, 14:43
Оқылды: 75

БҚО-да Ассамблея өкілдері бас қосты

 Орал қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйлері мен «Қоғамдық келісім» мекемесі директорларының республикалық әдістемелік кеңесі өтті. Шараға ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» өкілдері, аймақтық Достық үйі мен өңірдегі этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

ANK (4)

– Батыс Қазақстан облысында 90-нан астам ұлт өкілі ынтымақ пен бірлікте өмір сүруде. Жалпы, 53 этномәдени бірлестік болса, оның 17-сі облыс орталығында, қалған 34-і аудандарда. Төрт Достық үйі қызмет етеді. Бүгінгі таңда облыстық ҚХА актив мүшелерінің саны 21 мыңнан асты. Өңіріміздегі ұлттардың ынтымақта болуына  актив құрамының қосқан үлесі зор. Былтыр облыстық ҚХА үшін ерекше жыл болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 800-ден астам іс-шара өткізіліп, оған 12 мыңнан  астам тұрғын қатысты. Жыл сайын өңірдегі ұлт өкілдерінің дәстүрлі мейрамдары тойланады. «Туған жер» бағдарламасы аясында демеушілердің қолдауымен өңірді дамыту мақсатында 234 жоба қолға алынды. Облыстық ҚХА қоғамдағы ұлтаралық келісім, азаматтық бірлік пен тұрақтылықтың нығаюына сүбелі үлес қосып келеді, – деді жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов.

Жиында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде жүзеге асқан жобалар және Қазақстан халқы ассамблеясының «Қазақтану» жобасы бойынша атқарған жұмыстары, сондай-ақ «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» ҚР заңына енгізілген өзгерістер талқыланды.

ҚР Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Еркеболат Қабылда «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» ҚР заңын іске асырудағы «Қоғамдық келісімнің» міндеттері туралы баяндаса, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ  Достық үйлерінің қызметін қамтамасыз ету бойынша жетекшісі Жанна Шаймұханбетова ҚХА-ның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарған жартыжылдық  жұмыстарына тоқталды.

Кеңестің отырыс шеңберінде «БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының қызметі туралы» жинақ таныстырылып, «Менеджмент мәдениеті» атты тренинг ұйымдастырылды.

Шара қонақтары бүгін Орал қаласында ұйымдастырылатын «Дәстүр» ұлттық мерекесі мен «Сабантуй» татар ұлтының республикалық мейрамына қатыспақ.

                                                                                              Гүлсезім БИЯШЕВА,

zhaikpress.kz

ANK ANK (1) ANK (2)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале