6.08.2019, 19:16
Оқылды: 159

БҚО-да ауыл әйелдері форумы өтті

Бүгін Орал қаласында ауыл әйелдерінің облыстық форумы өтті. Шараның мақсаты - ауыл-аймақтағы әйелдердің әлеуетін анықтап, оларға қолдау көрсету, түрлі бағыттар бойынша дамытып, әл-ауқатының артуына жағдай жасау.

IMG_1547

Форумның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ғ. Оспанқұлов, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ҚР Президентінің жанындағы ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.Тарасенко, «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы С.Рақымбекова гендерлік саясаттың тиімділігі, кәсіпкер қыз-келіншектердің жеткен жетістіктері туралы айтты.

IMG_1475

Шара барысында «Менің жетістігімнің тарихы» шеруі ұйымдастырылды. Онда «Менің жетістігімнің тарихы - 2018» шеруі аталымының лауреаты «Нұр» шаруа қожалығының жетекшісі Светлана Мәутеева ашты.

IMG_1439

Форумда ауыл шаруашылығын өркендетуде қыз-келіншектердің рөлі, бизнес бастау жолдары, бизнес жолындағы кедергілер туралы жан-жақты сөз болды.

IMG_1429

IMG_1417

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале