6.04.2023, 13:00
Оқылды: 310

БҚО-да ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына Наурызбай Қадырбайұлы Қарағойшин тағайындалды.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

87688f3f-9ad5-4f21-a47b-f98f17c26400

Қарағойшин Наурызбай Қадырбайұлы 1960 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын «Зооинжинер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Жаңақала ауданы «Айдархан» совхозының аға зоотехнигі болып бастаған.

Әр жылдары:

Жаңақала аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі, нұсқаушысы; Жаңақала ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында басқарма төрағасы, бас зоотехник, директор, Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары, Қаратөбе, Жәнібек, Жаңақала аудандарының әкімі болды.

2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале