30.01.2021, 14:06
Оқылды: 682

БҚО-да бес автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты 

Батыс Қазақстан облысында бес автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты және екі адам зардап шекті.

20210130_140103
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін шамамен сағат 10.39-да Ақжайық ауданының Алғабас ауылы тұсында республикалық жол бойында болды.

Lada granta, Volkswagen Passat, Toyota Camry, ВАЗ-2114 және Chevrolet Aveo автокөліктері бір-біріне соғылған. Соның салдарынан Lada granta автокөлігінде отырған жолаушы көз жұмды.

2101301434568900g
Сондай-ақ түрлі жарақат алған үш адам Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

2101301434587801g
Еске сала кетсек, жыл басынан бері облыс аумағында 12 жол-көлік оқиғасынан 5 адам мерт болды. БҚО полиция департаменті жол ережесін сақтау керектігін еске салады. Әсіресе, қолайсыз ауа райы кезінде аса сақ болу қажет.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале