29.11.2017, 11:06
Оқылды: 58

БҚО-да биыл 1300-ден астам жас сарбаз еңбек етті

Облыстық студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 2017 жылғы еңбек маусымы аяқталды. Биыл өңірде студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамында 1300-ден астам сарбаз еңбек етті.

Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Аян Сакошев арнайы аталымдар бойынша студенттерді марапаттады.

Студенттік құрылыс жасақтарының құрамында еңбек еткен Абылай Қонысбаев «Үздік командир», Гүлнара Мырзабаева «Үздік сарбаз» аталымдарымен марапатталып, оларға арнайы статуэтка табысталды. «Үздік жасақ» болып М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттерінен құралған «Барыс» студенттік құрылыс жасағы атанды. Ал «Үздік жұмыс беруші» аталымы «СВ ПЛЮС» құрылыс компаниясына бұйырды.

«Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының құрамында еңбек еткен сарбаздар арасында «Үздік командир» Айдана Дузбасова, «Үздік сарбаз» Ғимран Тілепов, «Үздік жасақ» «Мәңгілік жасыл ел» жасағы, «Үздік ұйымдастырушы» Оралбек Алибаев атанды.

Сонымен қатар қаланы көгалдандыру жұмысына белсене қатысқан жас сарбаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Зарина Ихсанова,

БҚО студенттік құрылыс жасақтары штабы менеджері

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале