16.07.2020, 18:46
Оқылды: 127

БҚО-да еріктілер дәрігерлерге қолдау көрсетті

Коронавирус инфекциясының алдын алуда дәрігерлерге жүктелген міндет жауапты да күрделі. Мемлекет қамқорлығын сезініп отырған абзал жандарға жекелеген тұрғындар да қолдау көрсетуден аянып қалмақ емес. Сондай жомарт жандардың бірі – жас еріктілер.

DA9AEB01-2EAB-42D3-9AD4-07E0A1CD578B

Кеше облысқа белгілі жастар белсенділері, қоғамдық бақылау еріктілері Орал қаласындағы облыстық аурухана мен №1 емхана ұжымына 200 бетперде, 200 арнайы киім, 200 бахила таратты.

Қайырымдылық шараларын жүзеге асырушылардың бастамашыл тобында «Uniform арнайы киім» ЖШС жетекшісі Асхат Башаев пен Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы жанындағы «Достық» клубының жетекшісі Талғат Шудабаев бар.

- Бүгінгідей сындарлы сәтте адамзат баласының арашашысы дәрігерлер қауымына оңай болып тұрған жоқ. Өмір мен өлім арасында жан ұшыра жүгірген ақ халатты абзал жандарға қолдау көрсету біздің де басты борышымыз. Өйткені абзал жандар – бізге өмір сыйлаушы, - дейді Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы жанындағы «Достық» клубының жетекшісі Талғат Шудабаев.

85BC210A-4952-4EEF-8C15-1D90ACC51AD0

Облыстық аурухана мен №1 емхананың дәрігерлері болса, еріктілер тарапынан жасалған қолдауға риза болып, алғыстарын жаудырды.

Бұған дейін де көптеген қайырымдылық шаралардың ұйытқысы бола білген Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы жанындағы «Достық» клубының жетекшісі Талғат Шудабаевтың айтуынша, ізгілікті іс жасау, қайырымдылық шаралары әлі де жалғаса бермек.

Ертай Бимұханов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале