25.08.2026, 17:00
Оқылды: 11

БҚО-да есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған ауқымды акция өтті

"Заң мен тәртіп" қағидаты аясында Батыс Қазақстан облысында есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған ауқымды акция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция ЖП

Оқу жылының басталуы қарсаңында "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайтуға бағытталған ауқымды профилактикалық акция ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 400-ге жуық адам қамтылды. Акцияны БҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Бәйтерек ауданының полиция бөлімі, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері және "Яңарыш" қоғамдық бірлестігінің волонтерлері бірлесіп өткізді. Акцияның негізгі мақсаты – жастардың есірткі ортасына тартылуының алдын алу, есірткінің адам өмірі мен денсаулығына зияны туралы ақпараттандыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Профилактикалық іс-шара "Дина" гипермаркеті, Тұңғыш Президент алаңы және тұрғындар көп шоғырланатын өзге де қоғамдық орындарда өтті. Жастар мен тұрғындарға есірткінің қауіптілігі және заңсыз әрекеттердің құқықтық салдары түсіндіріліп, ақпараттық парақшалар мен төсбелгілер таратылды. Сонымен қатар акция аясында есірткі жарнамаларына қарсы жұмыстар жүргізілді. Полиция қызметкерлері, кеңес мүшелері мен волонтерлер есірткіні насихаттайтын жазуларды анықтап, арнайы бояумен өшірді.

– Жастардың есірткі ортасына тартылуының алдын алу – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Мұндай акциялар арқылы жастарға есірткінің қаупі түсіндіріліп, салауатты өмір салтын таңдауға шақырамыз. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырамыз, – деді БҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Бағдат Тугелов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале