20.04.2024, 12:17
Оқылды: 56

БҚО-да есірткі сататын интернет-дүкенді жарнамалаған ағайындылар ұсталды

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

InShot_20240420_121712900

Фото видеодан кадр

Ақсай қаласының тұрғындары Бөрлі аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарласып, белгісіз екі жігіттің қандай да бір жарнаманы жапсырып жүргенін байқап, хабар берген.

Ақпарат түскен бойда ЖБО бейнебақылау камералары бойынша олардың қай жаққа бет алғаны анықталды.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, екі жігітті қолға түсіреді. Жеке тексеру кезінде олардың біреуінен есірткі сататын интернет-дүкеннің жарнамасы бар 52 жапсырма табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ ұсталған адамның телефонынан интернет-дүкеннің жарнамасы бар фото есептермен бірге хабарламалар табылды.

Ұсталған азаматтар Орал қаласында тұратын ағайындылар екені белгілі болды.

Анықталғанындай үлкен ағасы Telegram желісі арқылы есірткі сататын интернет-дүкенге жұмысқа орналасқан және оған жарналамау қызметін жүргізу жүктелген.

Ол интернет-дүкеннің жарнамасы бар 800 жапсырмаға тапсырыс берген. Сол күні інісімен бірге Ақсай қаласына келеді. Жарнаманы Ақсай қаласындағы қоғамдық жерлерде жапсырған. Үлкен ағасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале