2.05.2024, 18:59
Оқылды: 59

Қаратөбеде «Шәмші» қойылымы сахналанды

Астана қаласы музыкалық жас көрермен театры «Орал – біз біргеміз» өнер сапарымен Қаратөбе ауданында болып, тасқын судан зардап шеккен Аққозы халқын қолдау мақсатында аудандық мәдениет үйінде М.Омарованың «Шәмші» қойылымын қойды.

IMG_5844

Қойылымда әйгілі қазақ композиторының өмірі мен шығармашылығынан көрініс беретін мюзикл белгілі тұлғаның күрескерлік, ғашықтық және композиторлық қырларын көрсетті. Спектакль барысында орындалған Шәмші әндері өмірінен орын алған әр алуан оқиғасы бейнеленді. Әнге айналған тұлғаның әсерлі әлемі көрерменнің көңілін баурап, жүрек түкпіріндегі мейірімі мен махаббатын қозғады.

IMG_5884

Қойылымнан аудан тұрғындары керемет әсер алып, театр әртістерінің өнерін жылы қабылдаған тұрғындар мюзиклден ерекше көңіл күймен тарасты.

IMG_5832

Қойылым соңында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Аманшаұлы сөз алып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қолдау мақсатында өңірімізге арнайы келген Астана қаласы әкімдігінің музыкалық жас көрермен театры ұжымына ризашылығын білдіріп, театр басшысы А.Маемировке аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиевтің алғысхаттын және естелік сыйлық табыстады.

IMG_5824

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, жерлесіміз Жаңабек Жақсығалиев, Аққозы ауылының тұрғыны Қобыланды Жұмағалиев сөз алып, музыкалық жас көрермен театрының басшысы А.Маемировке аудан халқына өнер арқылы қолдау білдіргендері үшін киелі Қаратөбе халқының атынан шынайы алғыстарын білдірді.

IMG_5825

Шара соңында «Гаухартас» қойылымынан үзінді көрсетіп, театр жастары ән салды.

 Серікбай Хасанов, 

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале