12.11.2024, 11:44
Оқылды: 153

БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады

Дәл қазір облыс әкімі Нариман Төреғалиев орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап жатыр.

csm_news1_12.08.2021_20c6990717

Фото: kpo.kz

- Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 4 млрд текше метр газ өңдеу зауыты салынады.

Батыс Қазақстан облысында өндіріс саласы тұрақты дамып келеді. Инвестиция тарту арқылы өндіріс орындарын ашып, отандық және жергілікті өнім түрлерін көбейтуді басты назарға қойып отырмыз.

Республика күні қарсаңында мұнай газ саласына қажетті кейбір жабдықтарды өндіретін зауыт іске қосылып, шикізат өндірісіне қажетті құрал-жабдықтар өндіріле бастады.

Өңірде өнеркәсіп көлемін арттыру бағытында Қарашығанақты кеңейту жобасы іске асырылуда. Өткен жылы 4-ші компрессор, ағымдағы жылы 5-ші компрессор пайдалануға берілді. Ал 6-ші компрессордың құрылысы аяқталуға жақын.  Аталған жоба Қарашығанақ кен орнындағы шикі газды дайындау, кері айдау және газды өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған.

Алдағы уақытта Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 4 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Қазір осы бағытта жұмыстар атқарылуда. Болашақта жаңа газ өңдеу зауытының іске қосылуы тұрғындарды, елде өндірілген тауар газымен қамтамасыз етуге серпін береді, - деді облыс әкімі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале