14.05.2020, 12:07
Оқылды: 91

БҚО-да індеттен 121 адам жазылып шықты

Облысымызда COVID-19  жұқтырған адам саны 272 жетті.  Бұл 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 41,7-ні құрайды деген сөз. Өсу қарқыны 1,1 пайыз. Сырқат жандардың 190-ы облыс тұрғыны, 75 адам еліміздің басқа аймақтарынан болса, жеті науқас шетел азаматы. Олардың төртеуі Өзбекстаннан, екеуі тәжікстандық, тағы біреуі Қырғыз елінен.

27170BC7-9976-4C2E-BF71-F89756D70AF5

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен онлайн брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Гүлмира Кажушева мәлімдеді.

-Облысымызда тіркелген 272 науқастың 219-ы сырттан келгендер. Жіктеп айтар болсақ, 164 адам Ресейден, 54 адам Атырау облысынан, бір адам Германиядан. Науқастардың 219-ы ер, 53-і әйел адам. Бүгінде індеттен 121 адам жазылып шықты. Олар өз үйлерінде оқшауланып, күнделікті дәрігерлердің бақылауында болады. Сондай-ақ ауру жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 52 адам анықталды. Олардың 43-і медқызметкер, - дейді Гүлмира Қадырқызы.

Түгелбай Бисен

 zhaikpress.kz

 

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале