5.07.2022, 15:45
Оқылды: 397

БҚО-да калий тыңайтқыштары өндірілмек

Облыс әкімі Ғали Есқалиев пен «SRPM Resources Ltd» компаниясының директоры Денис Черкашин Ақжайық ауданында калий тыңайтқыштарын өндіру бойынша жобаны қайта бастау барысын талқылады, деп жазады Батыс Қазақстан облысы әкімдігі facebook парақшасында.

292281438_3341503092792686_3452184043460426981_n

Компания Сәтімола және Шалқар кен орындары базасында калий тыңайтқыштарын өндіру комбинатын салуды жоспарлап отыр. Ал жеке инвестициялар 800,0 млн. астам АҚШ долларды құрайды. Жобаның қуаттылығы жылына 6 млн. тоннаға жуық.

Қазіргі уақытта компания шикізатты тәжірибелік өндіруді бастау үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуде.

Әлемде калий тыңайтқыштарын тұтыну көлемінің жыл сайынғы өсуі жобаның үлкен өзектілігін көрсетеді. Оны табысты іске асыру Қазақстанға ҚХР, АҚШ, Үндістан және РФ-дан кейін негізгі минералдық тыңайтқыштардың (азот, фосфор, калий) барлық пакетін өндіретін әлемдегі бесінші ел болуға мүмкіндік береді.

292155266_3341503086126020_637499326238841621_n

Сондай-ақ инвестор «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін жалпы ұзындығы 350 шақырым «Мақат-Орал» темір жолы учаскесі құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп жатқанын хабарлады. Оны дамыту қажеттілігі туралы Қазақстан Президенті таяуда Ашхабадта өткен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының кездесуінде айтқан болатын.

Облыс әкімі сондай-ақ инвесторға Тайпақ колледжінің базасында калийлық жоба үшін де, бүкіл өңір үшін де техникалық мамандарды даярлау орталығын ұйымдастыруды ұсынды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале