19.06.2026, 20:30
Оқылды: 5

​«Қауіпсіз балалық шақ»: Оралда рейдтер мен кездесулер басталды

Оралда «Қауіпсіз балалық шақ» республикалық акциясы аясында ауқымды алдын алу шаралары өтіп жатыр, деп хабарлайды БҚО балалардың құқықтарын қорғау басқармасының баспасөз қызметі. 

InShot_20260619_204624010

Фото: БҚО балалардың құқықтарын қорғау басқармасының баспасөз қызметі

Өңірлік балалардың құқықтарын қорғау және білім басқармалары, сондай-ақ Еңбек инспекциясы департаменті бірлесіп, қала колледждерінің студенттерімен кездесті. Жүздесу барысында мамандар жасөспірімдердің жазғы демалыстағы қауіпсіздігін, еңбек құқықтарын қорғау тетіктерін және кәмелетке толмағандарды жұмысқа тартудың заңдық талаптарын түсіндірді. Сондай-ақ студенттерге құқықтары бұзылған жағдайда көмекке жүгінетін орындар туралы мәлімет берді.

IMG-20260619-WA0859

​Сонымен қатар Орал қаласының әкімдігі мен полиция қызметкерлері бірлескен рейдтерді қолға алды. Тексеріс кезінде балаларды заңсыз еңбекке жегу және түнгі уақытта ата-анасының (немесе заңды өкілдерінің) қарауынсыз көшеде жүру фактілерін анықтауға басымдық берілді. Белгілі болғандай, рейд барысында кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта жұмысқа артқан бірнеше жағдай тіркелді. Ереже бұзған кәсіпкерлерге заң талаптары ескертіліп, ресми нұсқама берілді.

IMG-20260619-WA0861

​Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен олардың құқығын қорғауға бағытталған бұл шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылады.

IMG-20260619-WA0862

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале