29.03.2021, 15:59
Оқылды: 150

БҚО-да қазақ драма театрының актерлары "Мәдениет саласының үздігі" атанды

Бүгін Оралдағы Қадыр орталығында Халықаралық театр күніне салтанатты шара өтті. Мерекеге орай Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының бір топ қызметкері марапатталды.

A60B8023-3690-487A-8B7F-A7509EA78F08

Алдымен театр қызметкерлерін облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі.

C75E42AF-043D-4F31-A29B-558CCCEEAD82

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Мәдениет саласының үздігі" төсбелігісі театр актеры Айдар Жарылғапов пен актрисасы Жанаргүл Құрманғалиеваға берілді.

Театр актеры Ринат Сабырғалиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғысхатымен марапатталды.

Бұдан басқа актриса Айнұр Вахитова, жарнама бойынша менеджер Жарқынай Адиловаға облыс әкімі Ғали Есқалиевтің алғысхаты табыс етілсе, театр әкімшісі Ажар Сатқанова, актер Құралбек Қатшаев облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың алғысхатына ие болды.

E838CD89-F96D-4626-A41F-2E67FBCA139D

Ал актриса Альбина Ищанова мен дыбыс реттеуші Мейрлан Құспановқа Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсеновтің алғысхаты тапсырылды.

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының ақпарат бөлімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале