22.02.2021, 13:00
Оқылды: 275

БҚО-да көктемгі егіске дайындық қызу жүргізілуде

2021 жылы ауыл шаруашылығы алқаптарын әртараптандыру бойынша жасақталған меморандумға сәйкес облыстағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 515 мың га болуы тиіс. Соның ішінде дәнді дақылдар алқабы 232 мың га болмақ. Бұл жөнінде ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин облыс әкімі Ғали Есқалиевқа хабарлады.

 тот5

– Майлы дақылдар 80 мың гектар болса, оның ішінде күнбағысты 55 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Картопты 4400 гектар, көкөніс-бақша дақылдарын 5500 га алқапқа егу жоспарлануда. Биыл мал азығы дақылдарын егуді 193 мың гектарға дейін ұлғайтамыз. Оның ішінде біржылдық шөптер – 20,5 мың га, сүрлемдік дақылдар – 1,0 мың га, көпжылдық шөптер – 26,0 мың га. Бұрнағы жылдардан 145,5 мың гектар көпжылдық шөптер алқабы қалды. Аудандардың жұмыс жоспарларына сәйкес облыс бойынша жалпы егіс алқабы 540,4 мың гектарға дейін жеткізілмек, - деді Жасұлан Халиуллин.

Облыс бойынша егіске қажет 16,2 мың тонна жаздық дәнді дақыл, 0,8 мың тонна майлы дақыл тұқымы қоймаларда толық дайын тұр. Жоспарға сай жетеқабыл жиналған картоп және мал азықтық дақылдар тұқымының қалғанын шаруалар көршілес Ресейден немесе еліміздің басқа өңірлерінен сатып алады. Даладағы жұмысқа 4764 трактор, 2731 дәнсепкіш, 691 қопсытқыш және көптеген ауыл шаруашылығы техникалары «жегілмек». Ауыл шаруашылығы министрлігі технологиялық карта есептері негізінде облыс бойынша көктемгі жұмысқа 12 мың тонна көлемінде арзандатылған дизель отынын бөлуді мақұлдады.

Көктемгі егіс жұмысын қаржыландыру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның «Кеңдала» бағдарламасы бойынша 658,8 млн теңге (5% көрсеткішпен) және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы 90 млн теңге (15%) бөлініп, несие корпорациясының облыстық филиалы және аудандардағы несие серіктестіктері арқылы шаруаларға берілмек. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау үшін мембағдарлама ауқымында 250 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат элиталық тұқымдардың және бірінші репродукция тұқымдарының шығындарын толық және ішінара өтеуге арналады. Жергілікті бюджеттен тыңайтқыштар құнын субсидиялауға 72,4 млн теңге, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған пестицидтердiң құнын 50% субсидиялау бойынша 103,3 мың теңге бөлінді.

Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале