25.05.2021, 15:54
Оқылды: 310

БҚО-да колледждер сенімгерлік басқаруға беріле бастады

Бүгін БҚО әкімі Ғали Есқалиев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында тікелей эфирден Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндауда. Ғали Нәжімеденұлы білім беру саласына да тоқталып өтті.

5E645175-D1E7-4A8A-8378-93977CA1A8E8

- Өскелең ұрпақтың терең білім алуына жағдай жасау үшін республикалық физика-математика мектебінің филиалы 1-2 сынып оқушыларын биылдан бастап қабылдайтын болады.
18 арнайы топта 32 инклюзивті тәрбиелеу кабинеті қызмет көрсетеді. Балабақшалар 112 арнайы мамандармен және тиісті құралдармен қамтылып, 1152 баланың ерекше тәрбие алуына мүмкіндік беріліп отыр.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100%, 1-6 жастағы балалар 76,3% қамтамасыз етілген.

Колледждерді сенімгерлік басқаруға беруді бастадық. Сервис және жаңа технологиялар колледжі кейіннен сатып алу құқығынсыз 10 жылға сенімгерлік басқаруға берілді. Нәтижесінде 10 жыл ішінде жөнделуіне жұмсалатын 52 млн. теңге бюджет қаражаты үнемделіп, мемлекеттік бюджеттің шығындары азайтылды. Сондай-ақ колледждің материалдық-техникалық базасы еңбек нарығының сұранысына сай жаңартылатын болады.

Қазіргі таңда оқушылардың қауіпсіздігі мақсатында өңірдің 385 мектебінде 11 587 дана бейнекамера орнатылған. Бірқатар мектептер арнайы қауіпсіздік компанияларымен келісімшарт жасасты, - деді Ғали Нәжімеденұлы.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале