9.07.2020, 16:11
Оқылды: 621

БҚО-да коронавирус індетімен күреске бөлінген қаражат қалай жұмсалуда?

Брифингте өңір жетекшісі журналистер сұрағына жауап берді. Облыс әкімінің мәліметіне сүйенсек, коронавирус індетімен күресуге республикалық және облыстық бюджеттен 2 млрд. 130 млн. теңге бөлінген.

A22B05AA-213B-4D38-A42D-ACE048EC5505

Оның ішінде 835 млн. теңге медқызметкерлерге жеке қорғаныс құралдарын алуға жұмсалған. Қорғаныс киім-кешегі  әлі қат болып отыр. Санитарлық талап бойынша мамандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоғары деңгейде болуы тиіс. Мәселен, жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер әр екі сағат сайын қорғаныс киімін толық ауыстырып тұруы тиіс. Бір костюм бағасы 20-30 мың теңге болады. 3066 медқызметкерді үстемақымен қамтамасыз ету үшін 500 миллион теңге бөлінген. Үстемақы көлемі сала қызметкерлері санына байланысты ұлғаюы мүмкін. Облыстық бюджеттен 254 млн. теңге медициналық жабдықтар алуға, 190 млн. теңге зарарсыздандыру жұмысына, сондай-ақ медқызметкерлердің тамақтануына, жатын орнына қаржы жұмсалуда. Бюджет қаржысынан бөлек «Ақжайық» қорына жиналған 130 миллион теңге індетпен күрес шараларына бағытталуда.

Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале