14.04.2020, 8:43
Оқылды: 382

БҚО-да коронавирус жұқтырғандар 11 адам болды

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 2 адам анықталды.

75DD77E8-8F47-41DB-B85B-23FAE362C8B8

Ауру жұқтырғандардың екеуі де Батыс Қазақстан облысының тұрғындары, 46 және 38 жастағы әйел адамдар.

Бірінші жағдайда науқас Ресей Федерациясынан келгеніне байланысты тексерілді. Ресей Федерациясымен шекарадағы "Тасқала" бекетінде СКП қызметкерлері байланыссыз термометриямен тексеріп, сауалнама жүргізу кезінде ешқандай шағымы болмаған. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 09.04.2020 жылғы №32 қаулысына сәйкес, COVID-19 зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға жіберілді.

Екінші пациент бұрын коронавирустық инфекция анықталған медицина қызметкерімен жақын қарым-қатынаста болған тұлға ретінде тексерілді.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен екі пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық стационарға жатқызылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

14.04.2020 жылғы жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған саны 11 адамға жетіп отыр.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале