19.03.2023, 11:11
Оқылды: 401

БҚО-да қос егіз дауыс берді

Батыс Қазақстан Жоғары Медициналық колледжінің 2-курс студенттері ағайынды Аслан мен Руслан Махамбетұлдары №416 сайлау учаскесіне барып, өз болашақтары үшін таңдау жасады. Еліміздің азаматы ретінде сайлау құқығын пайдаланған егіздер ел сенімін ақтар азаматтар билік тұғырынан көрінсе деген тілекте.

2a6f3c46-80d8-4cf9-8dcf-44d5c9653be4

-Біз еліміздің бай-қуатты болғанын қалаймыз. Ал ел сеніміне ие болған азаматтар Отанымызды өркендетеді деген сенімдеміз. Сайлаудың маңыздылығы зор. Осындау жауапты іске алғашқылардың бірі болып келдік. Замандастарымызды белсенді болуға шақырамын, - дейді егіздер.

392adb01-cfc0-40c9-99ad-9c3553bb80ec

Оралдағы №415 сайлау учаскесіне келген Ару мен Сұлу Байдуллаевалар М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың 4 курс студенттері. Физика-информатика мамандығы бойынша білім алып жатқан егіздер оқуда да озат, қоғамдық жұмыста да белсенді. Болашақ ұстаздар сайлау жастардың ел ертеңіне деген сенімін арттыратынын айтады.

Ешқашан жұбы жазылмаған қос ару сайлауға да бірге келіп таңдау жасады.

-Ел дамуына үлес қосу үшін келдік сайлауға. Біз ұстаздармыз көп адам балаларының болашағын бізге сеніп тасырады. Ал еліміздің саналы азаматтарын қалыптастыру үшін өзіміз де саналы болуымыз керек. Ал сайлауға ел ертеңін ойлаған, халқы үшін шын жаны ашыған азаматтар қатысады. Сондай-ақ сайлау ел бірлігін көрсетеді. Ал біздің басты байлығымыз — ынтымақ. Сол себепті ел бірлігін көрсетіп, сайлауға белсенді қатысайық, - дейді Ару мен Сұлу.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале