3.02.2024, 12:00
Оқылды: 115

БҚО-да құны 231 млн теңге жер телімі мемлекетке қайтарылды

Шыңғырлау ауданының прокуратурасы жер заңдылығының сақталуы бойынша жүргізілген талдау қорытындысы негізінде шаруа қожалықтары жер телімдерін мақсатына сәйкес пайдаланбайтынын анықтады, деп хабарлайды Kazinform

IMG-20240203-WA0022Фото: El.kz

Прокуратура жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізді.

Осылайша қадағалау актісі негізінде мемлекетке 231 млн тг соммасында жалпы көлемі 12 234 га 22 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері қайтарылды.

Болашақта жер телімдері тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале