6.08.2021, 16:39
Оқылды: 514

БҚО-да құрылысшылар марапатталды

Тамыз айының екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні.  Кәсіби мереке қарсаңында облыс әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласындағы Салтанат сарайында құрылыс саласының мамандары мен ардагерлерін құттықтап, үздіктеріне алғысхат табыстады.

IMG-20210806-WA0047

-Құрылыс саласының мамандарын кәсіби мерекемен құттықтаймын. Құрылысшы – жауапкершілігі зор, жасампаз мамандықтың бірі. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде құрылыс секторы ел экономикасының басты саласына айналды. Бүгінде елімізде, облысымызда «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясында әлеуметтік нысандар, тасжолдар салынып, қолжетімді баспана құрылысы қарқын алды. Жобалаушылардың, сәулетшілер мен инженерлердің қажырлы еңбегінің арқасында Орал шаһарымыз, аудан-ауылдарымыз  көркеюде. Көшелер абаттандырылып, тасжолдар төселіп, инженерлік желілер тартылуда. Әлеуметтік нысандар пайдалануға берілуде. Былтырғы мәліметке сүйенсек, «Нұрлы жер» мембағдарламасы аясында 108 тұрғын үй пайдалануға берілген. Биыл 580 мың шаршы метрден асатын тұрғын үй пайдалануға беріледі. Облыстың аудан орталықтарында спорт кешендері бой көтеруде. Бұл жұмыстың барлығы құрылысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізіліп отыр. Ақжайық өңіріндегі көркем ғимараттарда, тұрғын үйлерде, барлық құрылыс нысанында өңір құрылысшыларының алақандарының табы бар. Кәсіби мереке қарсаңында сіздерге, отбасыларыңызға амандық, денсаулық тілеймін,- деді облыс әкімі соңғы жылдары салынған құрылыс нысандарына тоқталып.

IMG-20210806-WA0057

Салтанатты  шарада бірқатар құрылысшы марапаттарға ие болды. Айта кетсек, «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі «Уралводпроект» ЖШС-ның бас инженері Ғиният Кенжеғалиевке, «Жиенбай» ЖШС-ның кран айдаушысы Евгений Крадиновке және «Тасқала Транс Газ» ЖШС-ның учаске бастығы Марат Аймурзинге бұйырды. Сондай-ақ бір топ құрылысшыға «Құрметті жолшы» төсбелгісі мен облыс әкімінің алғысхаты табысталды.

Гүлсезім Бияшева,

суретке түсірген Рафхат Халелов
zhaikpress.kz

IMG-20210806-WA0063IMG-20210806-WA0049IMG-20210806-WA0058IMG-20210806-WA0055IMG-20210806-WA0060IMG-20210806-WA0048IMG-20210806-WA0045IMG-20210806-WA0046

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале