21.04.2021, 16:43
Оқылды: 216

БҚО-да медицина қызметкерлеріне арналған акция бастау алды

Бұл іс-шара коронавирусқа қарсы күрес кезінде отандық дәрігерлерді қолдау аясында Батыс Қазақстан облысының барлық аудандары мен Орал қаласында өтуде.

ер1

Әрбір пакетке дәрігерлерге арналған витаминдер мен пайдалы қасиеттері бар өнімдердің оннан астам түрі салынды.

Пакеттерге аталған өнімдер дәрігерлердің ұсынысы бойынша салынғанын атап өту керек.

Бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандарға «Jas Otan» ЖҚ БҚОФ еріктілері 100-ден астам «Денсаулық пакетін» жеткізіп берді.

ер22

Сонымен қатар бірқатар аудандарда имунитетті арттыру және нығайтуға арналған өнімдерден құралған жеміс-жидектер мен саумал қымыздар да ұсынылды.

- «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен шараға қолдау көрсеткен БҚО мәслихаты депутаттары Азамат Бисенов, Әсел Мырзахметоваға, Орал қалалық мәслихатының депутаттары Серік Мухамбеталиев пен «Kazbatisservis» ЖШС директоры Нұрлан Рахымжановқа демеушілік танытқаны үшін алғыс білдіреміз, - дейді "Jas Otan" ЖҚ БҚОФ кеңесшісі Ерлік Шамғали.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале